Қарағанды тұрғыны 76 млн теңгеге синтетикалық есірткі әзірлеген

None
None
ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - Тәртіп сақшылары синтетикалық есірткі жасаған қарағандылықты қолға түсірді. Ұсталған азаматтың пәтерінен 5 келі тыйым салынған зат табылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ағымдағы жылдың 10 қазанында «Қарасора-2020» жедел алдын алу іс-шарасын жүргізу барысында полиция қызметкерлері аспалы дорба көтерген ер адамды ұстады, оның ішінде салмағы шамамен 750 гр ақ түсті кристалды зат салынған целлофан пакеті болған.

«Тергеу іс-әрекеттерін жүргізу барысында полиция қызметкерлері ұсталған адамнан жалпы салмағы 5 келіден асатын есірткі заттарын тауып алып, тәркіледі. Сондай-ақ пәтерде синтетикалық есірткі дайындайтын зертхана анықталды.


Аталған факті бойынша ҚР ҚК 297-бабы 1-тармағы бойынша қылмыстық іс қозғалды», - деп хабарлады облыстық ПД бастығы полиция полковнигі Ерлан Файзуллин.

Қара нарықта аталмыш есірткі заттарының құны шамамен 76,5 млн теңгеге бағаланады.

Ағымдағы жылдың басынан бастап Қарағанды облысы ПД есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері 4,5 тоннадан астам түрлі есірткі заттарын тәркіледі.



Соңғы жаңалықтар