+7 (701) 759 90 19
USD 425.95 EUR 495.12
RUB 6 CNY 66.6
Jańalyqtar

Қарағанды тұрғыны 11 және 13 жасар жетім балаларға азғындық жасап, оны видеоға түсірген

2021 жылғы 30 шілде 17:53
Бөлісіңіз:
Қарағанды тұрғыны 11 және 13 жасар жетім балаларға азғындық жасап, оны видеоға түсірген

ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - Қарағандыда жас балаларға қатысты азғындық жасады деген күдікпен ер адам ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар

Жедел-іздестіру шаралары барысында Қарағанды облысы ПД криминалдық полиция басқармасы «Интерпол» ҰОБ-ның көмегімен интернеттің TOR жабық жүйесінен белгісіз ер адамның жас ұл және қыз балаға қатысты азғындық әрекет жасағаны бейнеленген роликті тауып алды.

Ол өзінің VKontakte желісіндегі парақшасына бейнероликте түсірілген жеткіншектерге ұқсас балалардың суретін салған.

Жедел қызметкерлер 13 жасар бала мен оның 11 жасар қарындасын тапты. Олардың жетім екені, Қарағандыдағы мектеп-интернаттардың бірінде тұратыны анықталды.

Ағасы мен қарындасы оларды видеоға өткен жылдың соңында қайтыс болған анасының досы түсіргенін түсіндірді.

Зиянкес зардап шеккендермен өз әрекеттерін видеоға түсіріп, содан кейін порнографиялық мазмұндағы файлдарды интернетке жариялаған.

«Күдікті 53 жастағы ер адам ұсталды. Заттай дәлелдемелер алынды. ҚР ҚК 124-бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдікті қамалды. Басқа да ықтимал жәбірленушілерді анықтау бойынша іс-шаралар жүріп жатыр», - деп хабарлады Қарағанды облысы ПД бастығының орынбасары Әбіл Әбілдин.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Агата Мухамеджанова

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT