Қарағанды тұрғындары азық-түлік себепсіз қымбаттаған жағдайда қайда жүгіне алады
2022 жылғы 10 қаңтар 17:05

Қарағанды тұрғындары азық-түлік себепсіз қымбаттаған жағдайда қайда жүгіне алады

ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат – Қарағанды облысының тұрғындары азық-түлік пен газ бағасын негізсіз көтеру мәселесі бойынша Senim қызметінің call-орталығына хабарласа алады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қарағанды облысының тұрғындары азық-түлік және автокөліктерге арналған газдың бағасы негізсіз қымбаттауына байланысты Senim 109 қызметіне жүгіне алады.

Операторлар 109 қысқа нөмірі бойынша дүкендер мен жанар-жағармай құю стансаларының атаулары және мекенжайы көрсетіле отырып түскен шағымдарды қабылдайды.

Аталмыш нөмірге қалалық және ұялы телефондардан қоңырау шалуға болады.

Барлық шағымдар бағаны тұрақтандыру мақсатында құзырлы қызметтерге жіберіледі.

Сонымен қатар Senim 109 операторларына өңірдегі жағдайға, коммуналдық проблемаларға және басқа да мәселелерге байланысты сұрақ қоюға болады.


Jańalyqtar

MURAǴAT