«Қарағанды-Томск» бағытына жаңа пойыз қатынайды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - «Жолаушылар тасымалы» АҚ 9 желтоқсанда «Қарағанды-Томск» бағытында №363/364 жаңа халықаралық жолаушылар пойызын іске қосты, деп хабарлайды компанияның баспасөз қызметі.

«Пойыз күнара қатынайтын болады. Бұл Қазақстан мен Ресей Федерациясының арасындағы ынтымақтастықты одан әрі нығайтпақ.  Бұл пойыздың құрамында 3 ірі вагон мен 3 плацкарт вагоны бар. Маршрут Астана-1, Павлодар, Шарбақты, Кулунда арқылы қатынайды. Шарбақты (Қазақстан) және Кулунда (Ресей) стансаларында тексеру бекеті орналасқан», - делінген хабарламада.

Пойыз Қарағанды стансасынан 23:24-те жолға шықса, Томскке 07:45-те жетеді. Жалпы 35 сағат 21 минут жол жүреді. 

Соңғы жаңалықтар