Қарағанды-Теміртау жолында жүк көліктері соқтығысты

None
None
ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - Қарағанды-Теміртау тас жолында фура «Газель» көлігіне соғылып, жол апатына ұшырады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Жол-көлік оқиғасы 12 шілде күні сағат таңғы 09:00-дер шамасында болған. Алдын ала берілген мәлімет бойынша, «Рено» автофурасының 30 жастағы жүргізушісі Ресейдің азаматы болып шықты. Ол Қарағандыға қарай жол жүріп келе жатып, «Газельге» соғылған. Екінші көліктің рөлінде 20 жастағы ер адам отырған.

null«Оқиға салдарынан «Газельдің» жүргізушісі, сондай-ақ, 19 жастағы жолаушысы бірнеше жерден жарақат алып, Теміртау қаласының орталық ауруханасына жатқызылды. Автофураның жүргізушісі де аураханаға жеткізілді. Әзірге диагнозы белгісіз, анықталып жатыр», - деді облыстың Ішкі істер департаментінің өкілі.

Аталмыш факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексі 345 бабының 1-бөлігі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Сәйкес сараптамалар тағайындалды.

null

Соңғы жаңалықтар