«Қарағанды-Теміртау» жолын жаңарту биыл аяқталады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Биыл қазанда ұзындығы 15 шақырымнан асатын Қарағанды-Теміртау тас жолын қайта жаңарту аяқталады. Бұл жайында ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі Берік Камалиевтің Қарағанды облысына жұмыс сапары барысында белгілі болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Аталған ведомство таратқан ақпаратқа қарағанда, «Қарағанды-Теміртау» учаскесіндегі жол жөндеу жұмыстарына 141 бірліктен тұратын арнайы техника жұмылдырылған. Құрылыс жұмыстары барысында 47 жергілікті тұрғын жұмыспен қамтылған.

Қазіргі уақытта нысанда қиыршық-құм-цемент қоспасынан жасалған негіз қабатын орналастыру, су өткізу құбырларын монтаждау, жер төсемін жанастыру, жарамсыз топырақты таңдау бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр.

Министрлік мәліметіне қарағанда, биыл қайта жөндеу жұмыстары 4 көлік айрығында да аяқталады.

Соңғы жаңалықтар