Қарағанды техникалық университеті вакцина салдырғандарға сыйлық береді

None
None
ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат – Қарағанды техникалық университеті вакцина салдырғандарға спорттық-сауықтыру лагеріне тегін жолдамалар береді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Сондай-ақ вакцина алғандар ағылшын тілі курстарына қатысып, университет ректорының стипендиясын тағайындау кезінде басымдыққа ие болады.

Қарағанды техникалық университеті вакцинациядан өткендер үшін осындай ынталандыру туралы жариялады.

Бүгінгі таңда ЖОО-да студенттердің 22%-ы және қызметкерлер мен оқытушылардың 76%-ы коронавирус инфекциясына қарсы екпе алды.

«Акцияны жариялай отырып, біз студенттерге басты назар аударамыз. Бұл күзгі семестрде ағылшын тілін үйрену бойынша тегін курстар. Барлығы 30 оқушыны қамтуды жоспарлап отырмыз. Сонымен қатар, жыл сайын университет ректорының стипендиялары тағайындалады. Биылғы жылы вакцинацияланғандарға басымдық беріледі», – деп түсіндіреді тәрбие жұмысы жөніндегі проректор Мирас Құттыбай.

Сондай-ақ, «Политехник» спорттық-сауықтыру лагеріне бір аптаға тегін жолдамалар ойнатылады. Келесі жылдың жазында баруға болады. Жолдамалар студенттер, қызметкерлер мен оқытушылар арасында ойнатылады. Вакцинаны 10 тамызға дейін алғандардың барлығы қатыса алады. Ұтыс ойыны қыркүйек айының басында өтеді.

«Мен өзім сәуір айында екпе алдым. Қазір мені қан орталығына шақырады. Донор ретінде мен ковид-науқастарға плазма тапсырамын. Вакцинация пандемияны жеңуге көмектеседі деп санаймын», – дейді Мирас Құттыбай.


Соңғы жаңалықтар