Қарағанды тас жолында ірі жол апатынан бір адам мерт болды

None
None
ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - 16 мамыр күні Қарағанды-Абай тас жолында үш автокөліктің қатар соқтығысуы салдарынан бір адам мерт болып, екі адам зардап шекті, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

null
«Автокөліктің темірі кіріп кеткен зардап шегушіні құтқару үшін арнайы қызметтің көмегі қажет болды. Оқиғадан зардап шеккен екі адам ауруханаға жеткізілді. Сондай-ақ көлік апаты болған жерден мерт болған бір адамның мәйіті табылды»,- делінген ТЖ департаменті таратқан баспасөз баянында.

Көлік апатының неден болғандығы анықталу үстінде.

Соңғы жаңалықтар