Қарағанды табиғи байлығымен ғана қазыналы деп аталмағаны анық - Президент

None
ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат – Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қарағанды облысы жұртшылығымен кездесуі өтіп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Қарағанды табиғи байлығымен ғана қазыналы деп аталмағаны анық. Сарыарқаның дәл жүрегінде орналасқан аймақтың рухани қазынасы да орасан зор.

Талай тарихи оқиғаның куәсі болған шежірелі аймақтан қазақтың көптеген біртуар тұлғалары шыққан. Қарағанды өңірі – Әлихан Бөкейхан, Жақып Ақбаев, Әлімхан Ермеков сияқты Алаш арыстары дүниеге келген қасиетті жер», - деді Мемлекет басшысы.

Еске салайық, бүгін Қ.Тоқаев жұмыс сапарымен Қарағанды өңіріне келген болатын.


Фото:t.me/bort_01





Соңғы жаңалықтар