+7 (701) 759 90 19 Лента
USD 386.77 EUR 427.26
RUB 6.00 CNY 54.56
Jańalyqtar

Қарағанды шахтерлері елорданың жаңа атауына қолдау білдірді

2019 жылғы 21 наурыз 14:50
Бөлісіңіз:
Қарағанды шахтерлері елорданың жаңа атауына қолдау білдірді

ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - Қарағанды облысының шахтерлері Тұңғыш Президент - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевқа үндеу жолдады. Оған 3053 шахтер қол қойған, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Аса құрметті Елбасы! Қарағанды облысының шахтерлері қашанда Сіздің тірегіңіз. Біз әрқашан тек қана Сізге сеніп келдік. Сізге сенуге болатынын сан мәрте ісіңізбен дәлелдедіңіз. Сіз еңбек адамын жете түсіндіңіз, өйткені өзіңіз де еңбек адамысыз. Сіздің президенттік өкілетіңізді тапсыру туралы шешіміңізді естіп, көңіліміз құлазыды», - деп жазады Қарағанды шахтерлері.

Олардың жазуынша, шахтерлер ортасында бұл жаңалыққа жүрегі ауырмаған адам жоқ.

«Бізге ұзақ уақыттан бері көрсетіп келген қолдауыңыз үшін Сізге алғыс айтамыз. Сіз әрдайым ең қиын сәттерде бізбен бірге болдыңыз. Біз үнемі Сіздің қамқорлығыңызды сезінеміз. Біз әрқашан Сіздің бағытыңызды қолдаймыз. Біз еліміздің жүрегі - елорданы Нұр-Сұлтан деп аталғанын қолдаймыз. Біздің ауыр еңбегімізді үнемі жоғары бағалағаныңыз үшін Сізге тағы да алғыс айтқымыз келеді. Сізге мықты денсаулық және амандық тілейміз», - деп түйіндейді шахтерлер.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Жанат Қапалбаева

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059

MURAǴAT