Қарағанды шахтасындағы апат салдары екі тәулік ішінде толықтай жойылады

None
None
ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - Қарағанды облысындағы «АрселорМиттал Теміртау» АҚ көмір департаментінің Ленин атындағы шахтасында болған өрт салдарын жақын күндері толық жояды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі компанияның баспсөз қызметіне сілтеме жасап.

«Ленин атындағы шахтаға байланысты жағдай бірқалыпқа келтірілді. Көмірдің өздігінен жануы салдарынан болған өрт ауыздықталып, толықтай сөндірілді. Қазіргі таңда салдарын жойдыру жұмыстары жүргізілуде. Шахтада қазір лавалардың бірінде көмір өндірілуде. Екінші лаваны бір-екі тәулікте іске қосамыз деп күтілуде», - делінген хабарламада.

Компанияның ақпаратына сүйенсек, шахтадағы ауа температурасы санитарлық нормаларға сәйкес келіп тұр.

Еске сала кетсек, көмірдің өздігінен жануы жерден 620 метр тереңдікте болған. Өртті тоқтатуға бір тәулікке жуық уақыт жұмсалды.

 9 желтоқсанда түн жарымында Қарағанды облысының Теміртау қаласында «АрселорМиттал Темиртау» металлургиялық комбинатында қайнап тұрған шойынның төгілуі салдарынан ірі өрт болды. Компанияның мәлімдеуінше, апат болған кезде шахтада 178 адам болған. Зардап шегушілер жоқ. Жұмысшылар құтқарушылар келмей тұрып жер бетіне шығып үлгерген. «АрселорМиттал Темиртау» АҚ АрселорМиттал компаниясының құрамына кіреді және Қазақстан Республикасының тау-металлургиялық саласына жататын ірі кәсіпорын. «АрселорМиттал Темиртау» құрамында Теміртаудағы металлургия комбинаты, Қарағанды облысындағы көмір шахталары, Қарағанды, Ақмола және Қостанай облысындағы темір кенін өндіретін 4 кен орны бар. 

Соңғы жаңалықтар