Қарағанды саябағындағы көл тазартылады

None
None
ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат – Қарағандыда саябақтағы көл таза сумен толтырылуы үшін жобалау ұйымдарының көмегіне жүгінеді. Экологиялық жоба облыстық бюджеттен қаржыландырылады. Бұл туралы аймақ басшысы Жеңіс Қасымбек мәлімдеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қарағанды облысынң әкім орталық саябақтағы көл мәселесі бойынша экологтардың қатысуымен көшпелі кеңес өткізді.

«Қарағандылықтар саябақтың жай-күйіне алаңдаулы. Әлеуметтік желіде суреттер мен бейнелер көп. Тұрғындар мәселені дұрыс көтеріп жатыр. Көл Бұқпа өзенінің бөгелуінің салдарынан әлсіз ағысқа байланысты батпаққа айналып келеді. Сондықтан кешенді және жүйелі шешім қажет. Жыл сайын өзен тазалау және санациямен айналысу керек», – деді Жеңіс Қасымбек.

Шілде айына дейін қала әкімдігі жобалық құжаттаманы әзірлеуі тиіс. Жұмысты жазда бастау жоспарланып отыр. Оларды өткізуге қаражат облыстық бюджеттен бөлінеді.

Қажетті сома жобалау нәтижесі бойынша белгілі болады. Қазақстанда су айдындарын тазартумен айналысатын ұйымдар бар.

Соңғы күндері саябақ көліндегі су деңгейі көтерілді. Бірақ түбін балдырдан тазарту керек. Бұл жұмысты саябақтарды басқару қызметкерлері қолмен жүргізеді. Қажетті техника жұмылдырылады.


Соңғы жаңалықтар