ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - Қарағанды қаласының саябағында өлі арыстанның денесі табылды. Полиция бүкілш мән-жайды анықтап жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
25 маусымда Қарағанды қаласының Орталық саябағының аумағында жабайы жануар - арыстанның жерленген жері табылды.
Тәртіп сақшылары барлық жағдайды анықтап жатыр.
Аталған факті бойынша ҚР ҚК 316-бабы (Жануарларға қатыгездік көрсету) бойынша қылмыстық іс тіркелген.
«Қазіргі уақытта оқиғаның мән-жайын анықтауға бағытталған тергеу амалдары жүргізілуде», - деп хабарлайды Қарағанды облысы ПД баспасөз қызметі.