Қарағанды саябағына көмілген арыстанның неден өлгені анықталды

None
None
ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - Қарағанды қаласының орталық саябағында көмілген арыстан неден өлгені анықталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ветеринарлардың айтуынша, саябақта табылған арыстан он айлық африкалық арыстанның күшігі болған. Ол Қарағандының байланыс хайуанаттар бағында мекендеген. Иелері оған Марс деп ат қойған. Аутопсия арыстанның жұқпалы аурудан көз жұмғанын көрсетті. Онымен қоса, осыға дейін оның иесі ветеринарларға жүгінгені белгілі болды. Және де жануардың ветеринарлық паспорты, барлық қажетті анықтамалар, соның ішінде профилактикалық шаралар туралы жазбалары бар.

«15 маусымда жануар ауырып қалған. Емдеу шараларын жеке ветеринарлық клиника жүргізді. Ем жүргізілгеніне қарамастан, жануар 22 маусымда өлген. Арыстанның денесі табылғаннан кейін Михайлов полиция бөлімінің жазбаша ұйғарымы бойынша жеке ветеринарлық клиникада өлі денені патологиялық-анатомиялық тілу жүргізілді.

Зерттеу нәтижелері бойынша, тірі кезінде жануар панлюкопения сияқты жұқпалы аурумен ауырғаны анықталды. Бұл ішектің, мезентерияның және іш қуысындағы сұйықтықтың күйі. Ауру мен өлімнің арасында тікелей байланыс бар», - деп хабарлады Қарағанды облыстық аумақтық ветеринариялық бақылау және қадағалау инспекциясынан.

Мәлім етілгендей, паталого-анатомиялық тексеруден кейін жануардың денесі мал қорымына шығарылып, Бекқари шұңқырына көмілді.

Қазір полиция арыстанның иесін оны саябақта жерлеуге итермелеген себептерді анықтап жатыр. Тергеу аяқталғаннан кейін санитарлық бақылау және қадағалау органына жануардың өлгені туралы хабарламағаны үшін оның иесі әкімшілік жауапкершілікке тартылуы мүмкін.

Естеріңізге сала кетейік, 25 маусымда полицейлер Қарағандының орталық саябағынан өлі арыстанның денесін тауып алған болатын.


Соңғы жаңалықтар