Қарағанды сапаржайында ел ішіндегі автобустардың бағасы арзандады

None
None
ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - Қарағанды қаласының автовокзалында ел ішіндегі кейбір маршруттарға билет бағасы арзандады. Бұл туралы облыс әкімдігінің баспасөз қызметінен мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Енді Нұр-Сұлтанға автобуспен - 1200 теңгеге, Балқашқа 2800 теңгеге жетуге болады. Алматыға немесе Шымкентке сапар 5 570 теңге тұрады. Өскеменге дейін билет құны - 7000, Семейге - 4 400, Павлодарға 3000 теңгені құрайды.
Сонымен қатар «Қарағанды-Талдықорған» жаңа рейсі ашылды. 13 қыркүйектен бастап бұл бағытта автобус күн сайын жүретін болады. Жөнелтілу уақыты - 23.00, билет құны - 8500 теңге.
Бұған қоса, «Қарағанды – Петропавл» бағыты қайта жанданды. Автобус аптасына үш рет: сейсенбі, бейсенбі және сенбі күндері жүреді. Жөнелтілу уақыты – 15.40, Теміртау арқылы билет құны – 6 000 теңге.
Барлық маршруттарға билеттерді 30 күн бұрын алдын ала сатып алуға болады.

Билеттерді банк картасымен интернет, интернет-банкинг, Qiwi, касса24 терминалдары арқылы онлайн брондау және сатып алу тәулік бойы жүзеге асырылады.
Автовокзал кассасы мен терминалдар сағат 06:00-ден 23:00-ге дейін түскі үзіліссіз және демалыссыз жұмыс істейді.


Соңғы жаңалықтар