Қарағанды полицейлері шетелдік нөмірмен жүрген көлік иелерінің сұрақтарына жауап берді

None
None
ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - Қазақстан аумағында шетелдік көліктерді пайдаланатын жүздеген автокөлік иелері түрлі сауалдармен Қарағанды облыстық ПД мамандарына жүгінуде, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қарағанды облысында «Жолдағы қабылдау» және «Ауладағы қабылдау» кең ауқымды акциясының кезекті оныншы кезеңі өтіп жатыр. Аталған акция шеңберінде азаматтарды қабылдау Қарағанды облысы полиция бөліністерінің фронт-офистерінде, ал облыс қалалары мен аудан орталықтарында – «Nur Otan» партиясының қоғамдық қабылдау алаңдарында жүргізіледі.

Осы мақсатта, «Жолда қабылдау» акциясы өткізілетін 19 орын белгіленген. Бұдан басқа «Аулаларда қабылдау» акциясы өткізілетін 25 орын белгіленген, олар - барлық учаскелік полиция пунктілері.

Акцияның негізгі мақсаты - полиция бөліністері қызметінің әртүрлі мәселелері бойынша, оның ішінде Еуразия экономикалық одағы аумағында тіркелген көлік құралдарын Қазақстанға әкелу мен қолдану тәртібін түсіндіру, әкімшілік, жергілікті полиция қызметі мен көші-қон полиция қызметінің басқа да мәселелері бойынша азаматтардың проблемаларын жедел шешу.

«Қарағанды облысы бойынша мобильді топтар бір күнде 357 азаматты қабылдап, олардан 368 өтініш түскен. Халықтың басым бөлігі Қазақстан Республикасының аумағында шетел автомашиналарын пайдалануға қатысты мәселелерге қызығушылық танытты, ол бойынша келіп түскен сауалдар саны - 86. Сондай-ақ, айыппұл төлеу бойынша – 48, көші-қон қызметі – 23, жол қозғалысын ұйымдастыру – 21, жүргізуші куәлігін беру – 9, техникалық құралдарды тіркеу – 17, ІІО басқа қызметтері бойынша – 26 және де полиция қызметімен байланысты емес 133 сұрақ келіп түсті», - деп хабарлады Қарағанды облысының ПД баспасөз қызметі.

Соңғы жаңалықтар