+7 (701) 759 90 19
USD 439.01 EUR 474.61
RUB 5.75 CNY 61.91
Jańalyqtar

Қарағанды полицейлері мен еріктілер жасөспірімдер қылмысына қарсы күш біріктірді

2020 жылғы 11 ақпан 22:45
Бөлісіңіз:
Қарағанды полицейлері мен еріктілер жасөспірімдер қылмысына қарсы күш біріктірді

ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат – Қарағанды облысында Шахтинск қаласының Ювеналды полиция тобының учаскелік полиция инспекторлары еріктілермен бірлесіп жасөспірімдер қылмысының алдын алу бойынша рейдтер өткізуде, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ұқсас жаңалықтар
Атыраулық оқушы волонтерлерге арналған мобильдік қосымша жасап шығарды Көкшетауда жалғыз басты қарияларға түскі ас үйлеріне жеткізілуде Ақмола облысында қариялардың үйіне дәрі-дәрмек жеткізіліп жатыр

Осы шара барысында олар түнгі ойын-сауық орындары мен ойын клубтарын айналып өтіп, құқықбұзушылық жасаған мекеме иелерін жауапқа тартты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қазақстан Республикасының Президенті 2020 жылды Волонтерлар жылы деп жариялады. Сонымен қатар, Ішкі істер министрі биылғы жылды Учаскелік полиция инспекторлары жылы деп жариялады.

Осыған байланысты Шахтинск аймағында тұрақты түрде учаскелік полицейлер мен волонтерлердің бірлескен рейдтік іс-шаралары өткізіледі.

9-шы ақпанда Шахтинск қаласы ПБ ювеналды полиция тобының учаскелік инспекторлары волонтерлармен бірлесіп көңіл көтеру мекемелеріне рейд жүргізді. Олардың басты мақсаты кәмелетке толмағандар және оларға қатысты қылмыстар мен құқықбұзушылықтардың алдын алу болып табылады.

Осындай орындардың бірін тексеру кезінде тәртіп сақшылары 21 жасқа толмаған тұлғаларға алкоголь ішімдіктерін сату фактісін анықтады.

Айта кету керек, полицейлер аталмыш мекеменің қожайындарына осыған дейін де бірнеше рет ескерту жасаған. Кейбір түнгі клуб иелеріне бұрын тәртіп бұзғаны үшін айыппұл салынғанына қарамастан, еріктілер мұнда тағы да заңбұзушылықтарды анықтады.

«Аталған факті бойынша мекеме иесіне ҚР ӘҚБК 200 бабы бойынша әкімшілік іс қозғалды және іс материалдары одан әрі мамандандырылған әкімшілік сотқа алкоголь өнімін сатуға лицензия алу және оны тоқтата тұру үшін жіберіледі», - деп хабарлады Қарағанды облысы ПД баспасөз қызметі.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Агата Мухамеджанова

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT