+7 (701) 759 90 19
USD 436.29 EUR 492.83
RUB 5.92 CNY 68.48
Jańalyqtar

Қарағанды полицейлері көпқабатты үйдегі өрттен балаларды құтқарды

2021 жылғы 17 қазан 21:42
Бөлісіңіз:
Қарағанды полицейлері көпқабатты үйдегі өрттен балаларды құтқарды

ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат – Қарағандыда тәртіп сақшылары өрт шыққан үйден екі әйел мен төрт баланы алып шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
ШҚО-да жыл басынан бері 160 көлік өртенді Өскеменде өрт шыққан үйден әйел мен бала құтқарылып, 8 адам эвакуацияланды Қызылордалық полицей отқа оранған үйден газ баллонын алып шықты

Қарағанды қалалық Полиция басқармасы патрульдік полиция полкінің арнайы машинасының экипажы – аға лейтенанттар Дамир Адалиев пен Шынарбек Асылхан қаланың Орталық секторында қызмет атқарып жүрген кезде, сағат 20.30 шамасында оларға дабыл хабарламасы түскен. Диспетчер Пичугин көшесіндегі бес қабатты үйде пәтер жанып жатқанын мәлім еткен. Полиция оқиға орнына бірнеше минутта жетті.

Бірінші кіреберісте түтін будақтап жатқанын көрген полицейлер көмекке асыққан. Оқиға орнында өрт сөндірушілер жұмыс істеп, подъезге адамдарды кіргізбеуге тырысқан. Далаға шығып үлгерген тұрғындар көптеген адам әлі де пәтерлерде қалып отырғанын айтқан.

«Әріптесіммен бірге подъезге кіріп, пәтерлердің есігін қаға бастадық. Түтін қалың болғаны соншалық, бетімізді киіммен жауып қана жүре алдық. Тек осындай жағдайда ғана демалу мүмкін болды. Біз төртінші қабатқа көтеріліп, 16-шы пәтерде сегіз және он жастағы екі баласы бар әйел және иті қалғанын анықтадық. Серіктесіммен бірге барлығын көшеге шығардық», - дейді Шынарбек Асылхан.

Полицейлер таза ауаға шығып, дем ала бастаған бетте олардың жанына ерлі-зайыпты жақындап, таңертең жұмысқа кеткенде үйлерінде кәрі ата-анасын екі баламен қалдырғанын жеткізген. Белгілі болғандай, атасы мен әжесі нәрестені алып шыққан. Ал екі жасар немересі үйде қалып қойған. Сонымен қатар бесінші қабаттағы пәтерде бес жасар баласы бар әйел де қалған. Бұл мәліметтерді естіген бетте тәртіп сақшылары ойланбастан тағы да түтінге оранған кіреберіске жүгірген.

Олар екі жасар баланы балконнан тапқан. Полицейлер бүлдіршінді орап алып, далаға шығарды.

«Мен бесінші қабатқа көтеріліп, 18-ші пәтердің есігін қақтым. Онда әйел мен бес жасар бала болды. Неге шықпай тұрғандарын сұрап едім, ол кіреберіс қараңғы және қатты түтін болғандықтан сыртқа шығуға қорқатынын түсіндірді. Мен баланы қолыма алып, әйелді жетектеп, бірге түстік», - дейді Дамир Адалиев.

Оқиға кезінде ешкім зардап шеккен жоқ. Тұрғындар өз үйлеріне шамамен 23.00-де орала алды. Осыдан кейін полицейлер қызметін жалғастырды. Кейіннен өрт электр сымдарының тұйықталуынан болғаны анықталды.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Агата Мухамеджанова

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059

MURAǴAT