19:11, 06 Қаңтар 2020 | GMT +6
Қарағанды полицейлері ер адамның мәйітін тапты
ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - Қарағандылық полицейлер қаладағы пәтерлердің бірінде ер адамның мәйітін тауып алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Мереке күндері Қарағанды қаласының Октябрь ауданындағы пәтерлердің бірінде зорлықпен өлтірілген 32 жастағы қала тұрғынының мәйіті табылды.
Аталған жайтқа байланысты ҚК-нің 99-бабы 1-бөлігі («Адам өлтіру») бойынша іс қозғалды.
«Полиция қызметкерлерімен жүргізілген іс-шаралар барысында 37 жастағы қала тұрғыны анықталып, жанжал барысында жәбірленушіге дене жарақатын келтіргені белгілі болды. Тиісті сараптамалар тағайындалды. Ұсталған азаматша уақытша ұстау изоляторына қамалды», - деп хабарлады Қарағанды облысы ПД баспасөз қызметі.
Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.