Қарағанды полицейлері бір күнде алаяқтық бойынша алты қылмысты ашты

None
None
ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат – Қарағанды облысында «Контрафакт» жедел-алдын алу іс-шарасы аясында бір күн ішінде алты қылмыс ашылды, олардың жалпы шығыны 430 мың теңгеден асты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі Қарағанды облысы ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

Жедел алдын алу іс-шараларын жүргізу кезінде Балқаш қаласында полицейлер контрафактілік өнім дайындаумен айналысқан 38 жастағы қала тұрғынын құрықтады.

Бұдан басқа тәртіп сақшылары бұрын жасалған 5 қылмысты ашты.

2019 жылы 13 ақпанда Жезқазған қаласының полиция басқармасына 37 жастағы қала тұрғыны шағымданды. Ол өзін фирма өкілімін деп таныстырған бір әйел несиесін өтеймін деп алдап, 80 мың теңгеден астам қаражат алып кеткенін мәлімдеді. Аталған іс бойынша полиция қызметкерлері Алматы қаласының 23 жастағы тұрғынын анықтады. Ол кінәсін мойындады.

Алаяқтардың тағы бір құрбаны, 52 жастағы қарағандылық азаматша 2020 жылдың 9 қаңтарында Жаңа Майқұдық полиция бөліміне жүгінген. Жәбірленушінің айтуынша, белгісіз әйел оған несие ресімдеуді ұсынып, оның 225 мың теңгесін ұрлап кеткен. Жедел іздестіру іс-шарасы барысында Қарағанды қаласының 36 жастағы тұрғыны анықталды.

Осыған ұқсас полиция қызметкерлері Қарағанды қаласының Киров секторында және Теміртау қаласының Шығыс секторында жасалған алаяқтық туралы тағы 2 қылмысты ашты. Алданған азаматтар 2020 жылдың 13 ақпанында полицияға жүгінген.

Аталмыш фактілер бойынша полиция қызметкерлері «алаяқтық» бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу жұмыстарын бастады.


Соңғы жаңалықтар