+7 (701) 759 90 19
USD 378.36 EUR 411.92
RUB 5.76 CNY 53.92
Jańalyqtar

Қарағанды полицейлері 100-ден астам көлікті қар құрсауынан шығарды

2020 жылғы 24 қаңтар 01:31
Бөлісіңіз:
Қарағанды полицейлері 100-ден астам көлікті қар құрсауынан шығарды

ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - Қарағанды облысында полиция қызметкерлері 114 көлікті қар құрсауынан шығарды. Сондай-ақ тәртіп сақшылары жылыту бекеттеріне 29 адамды жеткізді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
СҚО-да электровоз бен қар тазалайтын локомотив соқтығысты ШҚО құтқарушылары автобусы жолда қалып қойған хоккейшілерге көмектесті Ақтөбеде жол апатынан төрт адам көз жұмды

23 қаңтарда ауа райының қолайсыздығына байланысты Қарағанды облысы полиция департаментінің қызметкерлері 114 көлікті қар құрсауынан шығарды. Бұдан басқа полицейлер 29 адамды құтқарып, оларды жылыту орындарына жеткізді. Облыстың жолдарында 27 бекет қойылып, 113 қызметкер жұмылдырылған.

Тәртіп сақшылары жүргізушілерді міндетті түрде қауіпсіз жылдамдық режімін сақтауды және автомобильдер арасындағы қашықтық пен бүйірлік аралықты сақтауды, жолда маневр жасау кезінде ұқыпты болуды сұрайды.

«Жолдың көрінуінің нашарлауына және көктайғаққа байланысты алыс сапардан бас тарту керек. Егер төтенше жағдайға тап болсаңыздар, 102 нөміріне қоңырау шалыңыз», - деп атап өтті Теміртау қалалық ІІБ патрульдік полиция батальоны командирінің орынбасары Әсет Бұланбаев.

Тәртіп сақшыларының ескертулеріне және синоптиктердің болжамына қарамастан көптеген жүргізушілер алыс жолға шығуын тоқтатар емес. Солардың бірі Саран қаласының тұрғыны. Ол елордаға аттанған. Біраз уақыттан кейін Батпақ ауылының маңында көлігі сынып, оған ешкім тоқтамаған. Сол маңда полиция қызметкерлері өтіп бара жатып, қиындыққа тап болған жүргізушіге қолұшын созған.

«Менің көлігімнің қозғалтқышы бұзылды. Ешкім тоқтаған жоқ, қатып қаламын деп ойладым. Алайда біраз уақыттан соң жол полициясының автокөлігі келіп жетті. Олар қандай көмек керек екенін сұрады, көліктеріне мені отырғызып, Осакаровка ауылына апарды, онда мен көлігіме қажетті бөлшектерді сатып алдым. Сонан соң қайта алып келіп, машинамды жөндеп алғанша күтті. Жігіттерге көп рахмет», - деп полиция қызметкерлеріне Instagram-да ер адам алғыс білдірді.

Әлеуметтік желілерде және WhatsApp мессенджері арқылы жүргізушілер полицейлер қолдарына күрек алып, қар құрсауында қалып қойған көліктерді қалай алып шығып жатқаны түсірілген бейнероликтерді таратуда.

Өз кезегінде полицейлер жүргізушілерді елді мекеннен тыс жерге барудан бас тартуды сұрайды.

Қазіргі уақытта полиция қызметкерлері машиналар колонналарын баратын жеріне дейін ертіп алып жүреді. Жүк автокөліктерінің жүргізушілерін ыстық тамақпен қамтамасыз етеді.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Агата Мухамеджанова

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT