Қарағанды – Павлодар тасжолында полицейлер қар құрсауынан үш көлікті шығарды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Жолда көлігімен қарға батып қалған жүргізушілер байланыссыз қалған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі ІІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«28 қаңтар күні түн ауа Қарағанды Павлодар тасжолының 70-ші шақырымында полиция қызметкерлері жолда қарға тығылып қалған үш көлікті шығарып алды. Жол жабық болған. Алайда олар жолға қашан және қалай шығып кеткенін мойындамай отыр», - деп хабарлайды ІІМ-нен.

Ішкі істер министрлігінің хабарлауынша, жүргізушілер байланыссыз қалған.

«Жолда полиция қызметкерлері кездесіп, жүргізушілердің жолы болып отыр. Әйтпесе, техниканы ұзақ күтуге тура келер еді. Жолды қармен тазартып, көліктер қалаға дейін жеткізілді», - деп хабарлайды министрліктің баспасөз қызметі.


Соңғы жаңалықтар