Қарағанды орталығында белгісіз біреу көлікке оқ атты

None
None
ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - Қарағанды қаласының орталығында белгісіз біреу автокөлікке оқ атып, оның артқы әйнегіне зақым келтірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қарағанды облысы ПД баспасөз қызметінің хабарлауынша, Оқиға Бұқар жырау даңғылы мен Чкалов көшесінің қиылысында болған.

Қарағанды облысы ПД баспасөз қызметінде қала орталығындағы оқиғаға түсініктеме берді. Көлік иесінің бейнежазбасы Instagram-дағы танымал пабликтің парақшасында жарияланған. Көлік жүргізушісінің шағымдануынша оқиға Бұқар жырау даңғылы мен Чкалов көшесінің қиылысында болған.

«Бұл бейнені полиция зерттеді. Жәбірленуші құқық қорғау органдарына арызданған жоқ. Аталған факті бойынша «Бұзақылық» бабына сәйкес қылмыстық іс тіркелді», - деп хабарлады Қарағанды облысы ПД баспасөз қызметі.

Қазіргі уақытта полиция қызметкерлері бұзақыға қатысты шаралар қабылдау және оны табу үшін жедел-іздестіру шараларын қолға алды.

Соңғы жаңалықтар