Қарағанды облысының жолдарында санитарлық бекеттер орнатылды

None
None
ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - Қарағанды облысына кіреберіс жолдарда санитарлық бекеттер ұйымдастырылды. Олар Нұра ауданында, Қарағанды қаласының Октябрь ауданында, Жезқазған, Теміртау және Балқаш қалалары маңында пайда болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Санитарлық бекеттерде өңірге келгендердің барлығында коронавирустық инфекция белгілерінің бар-жоғы тексеріледі. Бұл жұмысты тәулік бойы жүргізу жоспарланып отыр. Бекеттерде тауарлар мен қызметтердің сапасымен қауіпсіздігін бақылау департаментінің мамандары кезекшілік етеді.

Естеріңізге сала кетейік, облыстың барлық автопарктері күшейтілген санитарлық бақылау режиміне көшкен болатын. Аталмыш ережеге сай барлық жолаушылар автобустары және маршруттық таксидің салондары әрбір рейс басталар алдында және аяқталғаннан кейін дезинфекциялық ерітінділермен өңделеді.

Жүргізушілер мен кондукторларды ауысым басталар алдында дәрігерлер тексереді. Егер оларда инфекция белгілері байқалса, жұмысқа жібермейді.

COVID-19 коронавирусының алдын алу мәселелері бойынша тауарлар мен қызметтердің сапасын бақылау департаментінде (8-7212) 50-76-46 нөмірі бойынша жедел желі ашылды



Соңғы жаңалықтар