Қарағанды облысының жолдарында 346 адам құтқарылды

None
None
ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат – Өткен тәулікте Қарағанды облысының автожолдарында 29 апаттық-құтқару жұмыстары жүргізілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Құтқару іс-шараларына ТЖ департаментінің, Ұлттық ұланның Жергілікті полиция қызметінің, жергілікті атқарушы органдардың күштері мен құралдары, 89 адам мен 46 техника жұмылдырылды.

Құтқару жұмыстары Осакаров, Нұра, Жаңаарқа, Абай, Бұқар жырау, Қарқаралы, Шет аудандарының, сондай-ақ Теміртау қаласы маңындағы жолдарда жүргізілді.

220 адам, оның ішінде 9 бала құтқарылды, 126 адам эвакуацияланды, оның ішінде 3 бала және 58 автокөлік автожолдардың тазаланған учаскелеріне шығарылды.

Сонымен қатар, жолдарды жабу бекеттеріндегі көлік құралдарының жүргізушілері мен жолаушыларына жылыту бекеттерінде тамақтандыру ұйымдастырылып, азық-түлік таратылды.

Автожолдарды жабу/ашу, дауылды ескерту, сабақты тоқтату туралы ақпарат «Дармен» мобильдік қосымшасында қолжетімді.



Соңғы жаңалықтар