Қарағанды облысының жолдарында 23 адам құтқарылды

ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - Қарағанды облысы төтенше жағдай департаментінің бөлімшелері апаттық-құтқару жұмыстарын жүргізуде, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
15 қаңтарға қараған түні Осакаров ауданындағы Русская Ивановка ауылынан 4 шақырым жерде құтқарушылар қар құрсауынан 3 адамды Теміртау қаласына эвакуациялады. Сонымен қатар, «Осакаровка-Нұра» автожолының 5-ші шақырымында тұрып қалған жеңіл автокөліктен 6 адам құтқарылды, оның ішінде 2 бала Осакаровка кентіне жеткізілді.
Бұқар жырау ауданындағы Үштөбе ауылының айналма жолында 3 адам мінген жеңіл автокөлік қар құрсауынан шығарылды.
Сондай-ақ екі құтқару операциясы Абай ауданында жүргізілді. Сағат 04:25-те «Жартас-Вольный» автожолының 6-шы шақырымында ақаулы автокөліктен 5 адам құтқарылды және Абай қаласына жеткізілді. Сағат 06:50-де «Қарақоға-Жартас» автожолының 2-ші шақырымында құтқарушылар 3 жолаушысы бар автомобильді жолдың тазартылған учаскесіне дейін сүйреді.
Сағат 07:30-да Шет ауданында «Алматы-Екатеринбург» тасжолының 843 шақырымында ақаулы жеңіл автокөліктен 3 адам құтқарылды, оның ішінде бір бала болған. Құтқарылғандар Ақсу-Аюлы ауылына жеткізілді. Жолаушылар медициналық көмекті қажет етпеген.
Құтқарушылар көлік жүргізушілеріне температура төмендеп, жолдарды қар басқанда және көктайғақта мүмкіндігінше жолға шықпауды сұрайды. Сондай-ақ жүргізушілер автожолдардың жай-күйі туралы ақпаратты бақылап, автомобильдің жарамдылығын мұқият тексеруі тиіс.
«Қоғамдық көлік пен дизельдік қозғалтқышы бар автокөлік иелері мен жүргізушілерінің қауіпсіздік шараларына ерекше назар аударуын өтінеміз. Сондай-ақ, ауылдық жерде тұратын тұрғындарға метеожағдай нашарлаған жағдайда алыс қашықтыққа жаяу саяхаттан бас тарту ұсынылады», - деп хабарлады Қарағанды облысы ТЖД баспасөз қызметі.
- Өскеменде 18 жастағы жүргізуші қарсы жолаққа шығып кетіп, 2 көлікпен соқтығысты
- Ертіске батып бара жатқан әйел құтқарылды – Өскемен
- Синоптиктер 6 өңірде ескерту жариялады
- Көлігі жыраға құлаған шетелдік жүргізушіге көмек көрсетілді – ШҚО
-
Павлодар облысында ер адам жанып жатқан үйден көршісін алып шықты
-
Балқашта биыл жаңа жылу магистралінің құрылысы аяқталады
- Елбасы жолдауы
- Жолдау жүктеген міндеттер
- Қазақстан тарихы
- Әлемдік БАҚ Қазақстан туралы
- Жаңа индустрияландыру
- Болашаққа 100 қадам