Қарағанды облысының жолдарында 11 адам құтқарылды

None
None
ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат – Қарағанды облысының Төтенше жағдайлар қызметкерлері көліктері сынып, жолда қалып қойған 11 адамды құтқарды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

9 қаңтарда Жаңаарқа ауданында сағат 03:30-да «Қызылорда-Павлодар» автожолының 726 шақырымында жеңіл көліктің сынып қалуы себебі далада қалып қойған 5 адамды, оны ішінде 3 баланы құтқарушылар Атасу кентіне жеткізді.

Сағат 09:25-те «Қызылорда-Павлодар» автожолының 723 шақырымында «Ақтүбек» күре жолдық медициналық-құтқару пункті қызметкерлерінің күшімен 6 адам құтқарылды. Адамдар Ақтүбек ауылына жеткізілді.

Құтқарылғандар медициналық көмекті қажет етпеген.

Қарағанды облысының ТЖД өкілдері жүргізушілерге автомобильдің жарамдылығын мұқият тексеріп, автожолдардың жай-күйі туралы ақпаратты қадағалау қажеттігі туралы ескертеді.

Ауа райына байланысты ескертулерді алған кезде елді мекендерден тыс жерлерге жол жүруден және алыс қашықтыққа, әсіресе түнде және ауа райы нашарлаған кезде, әсіресе кішкентай балалармен жол жүруден бас тарту ұсынылады.

Сонда-ақ киімді де ауа райына лайықтап кию керек. Қауіпсіздік шараларына қоғамдық көлік пен дизельді қозғалтқышы бар автомобильдердің иелері ерекше назар аударулары керек.




Соңғы жаңалықтар