Қарағанды облысының жастары ардагерлерге қамқорлық көрсетті

None
None
ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - Қарағанды облысында белсенді жастар Екінші дүниежүзілік соғыс ардагерлері, тыл еңбеккерлері және жалғыз басты зейнеткерлерге қамқорлық сөрсетуде, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қарағанды облысында «Nur Otan» партиясының «Ардагерлерді ардақтайық» жобасы аясында Қамқорлық айлығы басталды.

«Жас Отан» жастар қанатының мүшелері қарт адамдарға үй мен аула аумағын жинауға, тұрмыстық және әлеуметтік мәселелерді шешуге көмектесу үшін барады. Акцияның мақсаты - ардагерлерге қамқорлық көрсету және жастарға патриоттық тәрбие беру.

Айлықтың алғашқы күнінің өзінде-ақ жасотандықтар 36 майдангерлер мен тыл еңбеккерлерінің үйлеріне барып, оларға қажетті көмек көрсетті.

Қарағанды облысында бүгін 75 Ұлы Отан соғысының ардагері, 21 ҰОС мүгедегі, 10 мыңнан астам тыл еңбеккері тұрады.

Соңғы жаңалықтар