Қарағанды облысының үш ауданында далада өрт шықты

None
None
ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат – Қарағанды облысында Қарқаралы, Ақтоғай және Осакаровка аудандарында далада өрт шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

2 тамызда Бұқар жырау ауданында Новостройка ауылынан шығысқа қарай 10 шақырым қашықтықта 45 гектар аумақта құрғақ шөп жанды. Өртті сөндіруге Қарағанды облыстық ТЖД бөлімшелері (25 қызметкер мен 5 техника) мен ерікті өрт сөндіру құрылымдары (22 қызметкер мен 15 техника) жұмылдырылды.

Өрт техника кіре алмайтын жерде шыққан. Ұсақ шоқылар мен бұталар өрт сөндіруге кедергі келтірсе, жел мен құрғақ шөп салдарынан тілсіз жау тез тараған. Өрт сөндірушілер бірнеше шақырым жерге барып су әкелуге мәжбүр болған.

Далалық өртті сөндіруге жергілікті атқарушы органдар жауапты болса да, ТЖД бөлімдері шалғайдағы аудандарға көмектесуге барып жатыр.

Қазіргі уақытта Қарағанды облысындағы Қарқаралы, Ақтоғай және Осакаровка аудандарында далалық өрт шығып жатыр. Өрттің барлығына ТЖД күштері тартылды. Жыл басынан бері облыста 241 далалық өрт тіркелсе, оның ішінде 187-і ТЖД бөлімдерінің қатысуымен сөндірілді.

Өрт 7 мың гектар аумақты шарпыған. Көп жағдайда табиғи өрт адамдардың абайсыздығынан: сөндірілмеген оттан, темекі тұқылынан, қоқысты өртеуден, ескі шөптен, күн түсетін жерге тасталған шыны қалдығынан және тағы басқа себептерге байланысты шығады. Сондықтан, ормандар мен далалық жерлерде жауын-шашын жоқ кезде отты абайлап қолданған жөн.


Агата Мұхамеджанова

Соңғы жаңалықтар