Қарағанды облысының тұрғынынан ұрылар 1,5 млн теңге ұрлап кеткен

None
None
ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - Қарағанды облысы Теміртау қаласында қылмыскерлер үй иесін ұрып, пәтерін тонап кетті, деп хабарлайды Қазақпарат тілшісі.

Ағымдағы жылдың 19 маусымында Теміртау қаласының Шығыс ПБ кезекші бөліміне 54 жастағы қала тұрғынынан түнгі уақытта бейтаныс тұлғалар пластик терезелерін қиратып, пәтерге кіріп, күш қолдану арқылы бір жарым миллион теңгесін алып кеткені туралы арыз келіп түсті.

​Аталған дерекке байланысты ҚР ҚК-нің 191-бабы 3-бөлімі бойынша қылмыстық іс қозғалды.

​Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында полиция қызметкерлері бұрын сотталған 27 жастағы Теміртау қаласының тұрғынын қолға түсірді. Ол жоғарыда көрсетілген тонау әрекетін жасағанын мойындады.

​Қазіргі уақытта тергеу жүргізілуде.

Соңғы жаңалықтар