+7 (701) 759 90 19
USD 424.99 EUR 504.21
RUB 5.81 CNY 65.66
Jańalyqtar

Қарағанды облысының тұрғыны қоян-қолтық ұрыстан әлем чемпионы атанды

2021 жылғы 16 маусым 17:19
Бөлісіңіз:
Қарағанды облысының тұрғыны қоян-қолтық ұрыстан әлем чемпионы атанды

ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат – Қарағанды облысы, Нұра ауданы Жараспай ауылының тұрғыны Серік Әбіров 90 келіден астам салмақ дәрежесінде қоян-қолтық ұрыстан әлем чемпионатында жеңіске жетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
8 жасар қарағандылық дрон-рейсингтен республикалық жарыстың күміс жүлдегері атанды Коронавирус: Қарағандыда отбасымен ауруханаға түскендер көбейіп барады

Жараспай ауылының әкімі Бағжан Біләлов тұрғындардың атынан әлем чемпионын құттықтап, оған жылқы сыйлады. «Жараспай» ШҚ директоры Сейілхан Қоңырбаев та батырға сыйлық табыс етіп, өмір мен спортта жаңа жеңістер тіледі.

«Біздің ауылдың тумасы екеніңді мақтан тұтамыз», – деді Сейілхан Қоңырбаев.

Серік Абиров - қоян-қолтық ұрыстан Қазақстан Республикасының үш дүркін чемпионы, ММА-дан Қазақстанның екі дүркін чемпионы, ММА-дан Азия чемпионатының күміс жүлдегері. Ол бес жылдан бері қоян-қолтық ұрыстан Қазақстан құрамасының құрамына кіреді.

Айта кету керек, Қазақстан құрамасы әлем чемпионатында командалық есепте үшінші орынға ие болды.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Агата Мухамеджанова

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059

MURAǴAT