Қарағанды облысының тұрғыны 3 жасар немересін өлтіріп, қашып кетті

None
None
ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - Қарағанды облысы, Шет ауданындағы Ағадыр ауылының 39 жастағы тұрғыны үш жасар немеренің өліміне күдікті ретінде танылып отыр, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі Қарағанды облыстық прокуратурасына сілтеме жасап.

Зардап шеккен отбасының мүшелерінің айтуы бойынша, баланы өлтіруге оның атасының тыныш ұйықтауына кедергі бола беруі себеп болған. Ол мас күйде пышақты алып, немересіне бірнеше рет сұғып алған. Пышақ жарақатынан бала мерт болды.

Қарағанды облыстық прокуратурасының баспасөз қызметі осы факті бойынша «Қастықпен өлтіру» бабына сәйкес қылмыстық іс тергеліп жатқандығын айтты.

«Іс Қарағанды облыстық прокуратурасының ерекше қадағалауында, өйткені зардап шегуші- жас тұлға», - делінген хабарламада.

Баланың анасы Қарағандыда жұмыста болған. Күдікті ізін суытқан. Қазіргі кезде оны іздестіру жұмыстары жүріп жатыр. Іздеу жұмыстарына облыстық ішкі істер органдарының барлық жеке құрамдары жұмылдырылған. 

Соңғы жаңалықтар