+7 (701) 759 90 19
USD 386.30 EUR 428.14
RUB 6.08 CNY 54.87
Jańalyqtar

Қарағанды облысының тұрғындарынан Жеңіс Қасымбекке 100-ден астам сұрақ келіп түсті

2019 жылғы 21 қараша 17:10
Бөлісіңіз:
Қарағанды облысының тұрғындарынан Жеңіс Қасымбекке 100-ден астам сұрақ келіп түсті

ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат – Азаматтарды қабылдау күні аясында Қарағанды облысының әкіміне өңір тұрғындарынан 100-ден астам сұрақ келіп түсті. Барлық тілек білдірушілер Жеңіс Қасымбекке және облыстық басқармалардың басшыларына тікелей хабарласу мүмкіндігіне ие болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Түлкібаста аналар саябағы бой көтеруде Жамбылда жол бойында 28 жылыту пункті жұмыс істеп тұр Таразда Тұрар Рысқұловтың 125 жылдығына орай республикалық конференция өтті

Тұрғындардың басым бөлігі өңірдің бірінші басшысынан жұмысқа орналастыру, үй алу және жеке сипаттағы мәселелерін шешуге көмектесуін сұрады. Сонымен қатар аулаларды абаттандыру, қоғамдық көлік, көшелерді жарықтандыру, жолдарды жөндеу жайы да қозғалды.

Барлық тілек білдірушілер Жеңіс Қасымбекке және облыстық басқармалардың басшыларына тікелей хабарласу мүмкіндігіне ие болды, Тұрғындардың басым бөлігі өңірдің бірінші басшысынан жұмысқа орналастыру, үй алу және жеке сипаттағы мәселелерін шеуге көмектесуін сұрады. Сонымен қатар аулаларды абаттандыру, қоғамдық көлік, көшелерді жарықтандыру, жолдарды жөндеу тақырыптары да қозғалды.

Мысалы, Фин кентінің тұрғыны Нина Лапушкина Жеңіс Қасымбектен аудандағы жолдардың жағдайына назар аударуды сұрады.

«Кенттің бас көшесі болып табылатын Шаумян көшесінде асфальт жоқ. Онда жүру өте қиын, ал көктемде және күзде балшықтан өту тіптен мүмкін емес. Жарық жоқ, кенттегі көшелер қараңғы», - деді ол.






Облыс әкімі кенттің бас көшесін абаттандыру үшін қаржыландыру көздерін табуға уәде берді. Сондай-ақ, ол 2020 жылы Қарағандыда көше шамдарын орнату және қосу бойынша ауқымды жұмыстар жүргізілетінін хабарлады. Алдын ала есептеу бойынша, қазір қалада 600-ден астам қараңғы көше бар.

«Көгілдір тоғандар» шағынауданының тұрғыны да өңір басшысына абаттандыру мәселесі жөнінде өтініш білдірді. Ол облыс әкімінен орамішілік жолдарды асфальттауға көмек көрсетуді сұрады. Аймақ басшысы облыс орталығындағы аулалар 2018 жылдан 2020 жылға дейін үш жылға бекітілген кесте бойынша жөнделетінін мәлімдеді. Тек биылғы жылдың өзінде «Көгілдір тоғандар» шағынауданында № 4, 6, 11, 12, 13 және 14-ші үйлердің аумағы жөнделді, «Инсар» дүкенінен Восток-5 шағынауданына дейін баратын, және «Толағай» балабақшасының жанынан өтетін орамаралық жол жөнделді.

Сондай-ақ, азаматтардың көбісін тұрғын үй алу мәселесі толғандырды. Аймақ басшысы қазіргі таңда жоспар жасалып, бекітілгенін, соған сәйкес 2020 жылы облыста 650 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілетінін, оның 400 мыңы Қарағандыда орналасқанын мәлімдеді. Бұл халықтың әлеуметтік осал топтарына жататын 578 көп балалы отбасы мен 1339 адамды жалға берілетін пәтерлермен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Естеріңізге сала кетейік, азаматтарды бірыңғай қабылдау күні республика бойынша өтті. Сұрақтарға облыс, қала және аудан әкімдері, ІІМ, Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің, басқармалардың, департаменттердің, бөлімдердің және басқа да мемлекеттік құрылымдардың өкілдері жауап берді.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Агата Мухамеджанова

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT