+7 (701) 759 90 19
USD 411.54 EUR 458.13
RUB 5.84 CNY 57.64
Jańalyqtar

Қарағанды облысының театрлары мен мұражайлары онлайн форматқа көшті

2020 жылғы 26 наурыз 17:26
Бөлісіңіз:
Қарағанды облысының театрлары мен мұражайлары онлайн форматқа көшті

ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - Қарағанды облысында төтенше жағдай режимі кезінде барлық театрлар мен мұражайлар жабылды.

Өңір тұрғындары спектакльдер мен өзге де қойылымдарды онлайн форматында тамашалайды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қарағанды академиялық музыкалық комедия театры интернет-көрсетілімдерін бастап кетті. 25 және 26 наурызда Instagram тікелей эфирінде «Үш көңілді гном» және «Теремок» атты балалар спектакльдерін көрсетті. Жалпы есептегенде трансляцияны 500-ден астам адам тамашалады.

«Бізге көрермендер риза, ылғи алғыстарын білдіріп жатады. Біз бұл тәжірибені жалғастыра береміз. Қазір ересектердің кешкі спектакльдерін ұйымдастыру мәселесімен айналысып жатырмыз», - дейді музыкалық комедия театрының әдебиет бөлімінің меңгерушісі Наталья Морозова.

Театрдың эфир кестесі мен жаңалықтарын Instagram - дағы katmk.kz парақшасынан көруге болады.

Станиславский атындағы Қарағанды академиялық орыс драма театры онлайн-көрсетілімдерін алдағы уақытта бастамақ. Театрдың Youtube-арнасындағы репертуарын көптеген спектакльдердің жазбалары пайда болады.

«Көрермендер репертуарға ескі спектакльдерді қайтаруды жиі сұрайды, бірақ біз олардың бұл талаптарын орындай алмаймыз, оның бірнеше себебі бар. Дегенмен қазір қойылымдарды интернетке салып, тұрғындар оларды қайтадан тамашалайтын болады», - дейді Станиславский театрының әдебиет бөлімінің меңгерушісі. Елена Нумерова.

Жаңа жұмыс форматына көшуден басқа театр тағы бір маңызды міндетті өз мойнына алды - қазір тігін цехында медициналық маскалар даярланып жатыр. Оларды №3 қалалық емханасына жібереді.

Театрдың жаңалықтарын Instagram-дағы @teatr_krg және Facebook парақшаларын көруге болады.

С. Сейфуллин атындағы Қарағанды қазақ драма театры да онлайн-көрсетілімге көшуге дайындалуда. Жақын арада театр парақшаларында әлеуметтік желілер арқылы дауыс беру басталады. Яғни, көрермендер өздері интернеттен тамашалағысы келетін спектакльдерді таңдай алады.

Сондай-ақ, театр труппасының актерлері мен мүшелері тікелей эфирде өздерінің мамандықтары туралы айтып, көрермендермен диалог өткізіп, онлайн-шеберлік сабақтарын өткізуді жоспарлап отыр.

Театрдың тігін цехының қызметкерлері де көп жұмыс істейді - олар дәрігерлер мен қалалық емханалардың медициналық қызметкерлеріне арналған дәке таңғыштарын тігеді.

Театрдың эфир кестесі мен жаңалықтарын Instagram-нан білуге болады.

Виртуалды экскурсиялар аймақтың бес мұражайында өткізіледі. Залдар бойынша үйден шықпай-ақ, Жезқазған тарихи-археологиялық мұражайының, Теміртау қалалық тарихи-өлкетану мұражайының, Теміртау қаласындағы ҚР Тұңғыш Президентінің тарихи-мәдени орталығының және Долинка ауданындағы саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу мұражайының сайттарына «серуендеуге» болады.

Бейнелеу өнері мұражайының сайтында Наурыз мерекесіне арналған көрме ұсынылады, muz-kar-izo.kz.

Теміртау өлкетану мұражайы күн сайын көктемнің басты мерекесінің дәстүрі туралы шаралалар мен музейдің залдары және экспозициялары туралы бес минуттық роликтер қояды.

Оларды Instagram - @temirtau.muzey және Facebook беттерінен көруге болады.

Мұражайларға саяхатқа виртуалды түрде келесі сілтемелер бойынша өтуге болады:

- Жезқазған тарихи-археологиялық мұражайы - https://youtu.be/AyrAemr_rRY;

- Теміртау қалалық тарихи-өлкетану мұражайы - https://youtu.be/4g71zxIYkVM;

- ҚР Тұңғыш Президентінің тарихи-мәдени орталығы - temcenter.kz;

- Долинка кентінің саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу мұражайы - karlagmuseum.kz ескерту.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Агата Мухамеджанова

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT