+7 (701) 759 90 19
USD 428.05 EUR 501.2
RUB 5.47 CNY 63.87
Jańalyqtar

Қарағанды облысының тауар өндірушілері бизнестің жаңа бағыттарын меңгеруде

2020 жылғы 13 тамыз 14:57
Бөлісіңіз:
Қарағанды облысының тауар өндірушілері бизнестің жаңа бағыттарын меңгеруде

ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - Қарағанды облысының отандық тауар өндірушілері дағдарыс жағдайында бизнес үшін жаңа бағыттар табуда, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ұқсас жаңалықтар

Облыс әкімдігінен мәлім еткендей, бірқатар кәсіпорын барынша тез қайта бейімделді және пандемия уақытында қажетті тауарларды шығара бастады. Олар айналымдарын өсіріп, жаңа қызметкерлерді алып жатыр.

Мәселен, геомембрана, полиэтилен және полимер өнімдерінің отандық өндірушісі - «Холдинг Алтын Арна» ЖШС – дезинфециялаушы кешендерді дайындауды меңгерді.

«Дезинфекциялаушы кешен - металл және поликарбонаттан тұратын тоннель. Онда дезинфекция заттарын жоғары қысыммен бүркитін тозаңдатқышы бар сорғы станциясы орнатылған. Механизм қозғалыс датчигінің арқасында жұмыс істейді. Қазір 10 тоннель дайын», - деді компания құрылтайшысы Ренат Минхаиров.

«UniFarm21» ЖШС компаниясы биылғы қыста ашылды. Оның басшысы Наталья Алескерова басында бетперделер мен антисептиктер тапшы тауар болатынын тіпті ойламаған. Компания кәсіпорын орналасқан Саран қаласының, мүмкіндік болған жағдайда барлық облыс тұрғындарының сұранысын өтеуі тиіс болды.

«Коронавирус сол сәтте Қытайда өршіп тұрды, оның Қазақстанға өтетін нақты қаупі болды. Алайда, ол кезде бұл туралы ойлағандар кемде-кем болды. Құрылғы барлық жиынтық бөлшектерімен көктемде келді. Бұл уақытта республикада ТЖ жарияланған болатын. Наурызда кәсіпорын бетперделер мен антисептиктер шығара бастады, - дейді Наталья Алескерова.

Бүгінде фармкомпания күніне 200 мың бірреттік медициналық бетперде шығарады. Саран кәсіпкерлері облыста алғашқылардың бірі болып жеке қорғаныс құралдарының өндірісін меңгерді.

Өңірдегі фармацевтика саласында облысымыздың медицина мекемелері мен бюджет ұйымдарына өз өнімін жеткізетін, дезинфекциялаушы заттардың тұтас спектрін өндіру бойынша кәсіпорын - «ГросФарм» ЖШС жұмыс істейді. Ол 100%-ға жүктелген.

Облыстың әлеуметтік белсенді кәсіпорны Қарағанды облысының ауруханаларын медициналық оттегімен қамтамасыз ететін «Старплекс» ЖШС болып табылады. Карантин жағдайында кәсіпорын 24/7 жұмыс режиміне ауысты.

Мамырда көп мәртелік бетперде өндірісіне жергілікті «Perfect Technology Style» ЖШС кірісті.

Көп рет қолдануға болатын маскаларды «Еңбек» нәтижелі жұмыспен қамтудың және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың мемлекеттік бағдарламасы бойынша қолдау есебінен «Бастау» жобасының түлектерімен ашылған шағын ательелер де тігеді.

Виктория Пактың Avishu ательесі дезинфекциялаушы кілемшелерді тігеді. Олар барлық меншік нысанындағы мекеме басшылары үшін міндетті талап болды. Бастапқыда нарықта тек ресей өнімдері болды, сондықтан қарағандылықтар бос тауашаларды алуға шешім қабылдады. Қазіргі уақытта үш мыңнан астам бұйым дайындалды.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059

MURAǴAT