Қарағанды облысының тас жолында Өзбекстаннан заңсыз келген азаматтар ұсталды

None
None
ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - Қарағанды облысында қалааралық жолаушылар автобусында көші-қон заңнамасын бұзған Өзбекстан азаматтары ұсталды, деп хабарлады аймақтық ІІД-нің баспасөз қызметінен.

«Мигрант» жедел-алдын алу шарасын өткізу барысында Балқаш қалалық ІІБ-нің қызметкерлері Қарағанды-Балқаш күре жолында Астана қаласынан Оңтүстік Қазақстан облысының Сарыағаш кентіне жол жүріп келе жатқан автобусты тоқтатты. Жолаушылардың құжаттарын тексеру кезінде Қазақстан Республикасында болу мерзімдерін бұзған Өзбекстан азаматтары анықталды. Балқаштың мамандандырылған әкімшілік соты оларды елден шығарып жіберу туралы қаулы шығарды», - делінген хабарламада.

Бұдан басқа, Қарағандыда салынып жатқан үйлердің бірінен заңсыз еңбекпен айналысып жүрген Өзбекстанның 12 азаматы анықталды. Заңсыз жүрген гастарбайтерлерге қатысты әкімшілік хаттама толтырылып, оларды республика аумағынан шығарып жіберу мәселесі шешіліп жатыр.

ІІД баспасөз қызметінің ақпаратынша, облыста «Мигрант» жедел-алдын алу шарасын өткізудің бірінші күнінде түрлі заң бұзушылықтар жасаған 105 шетелдік азамат анықталып, әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Іздеуде жүрген үш борышкер анықталды.

«Мигрант» жедел-алдын алу шарасы 6-8 сәуір күндері аралығында құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету, көші-қон заңнамасын бұзушыларды анықтау және заңсыз көші-қон арналарына жол бермеу мақсатымен өткізіліп жатыр.

Соңғы жаңалықтар