Валюта бағамдары:
    usd/kzt 425.02 eur/kzt 450.1

    rub/kzt 7.17 cny/kzt 63.75
Ауа райы:
Нұр-Сұлтан: 1 °С
Алматы: 15 °С

Қарағанды облысының су айдындарында балықтарды қысқы аяздан сақтау амалдары жүргізілуде

2022 жылғы 26 қаңтар 20:09

ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат – Қарағанды орман және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі инспекторлары аязға қарсы іс-шаралар өткізуде. Олар аймақтың су қоймаларын аралап, балықтардың қыстауына көмектесу үшін ұңғымалар бұрғылайды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бүгінгі таңда мемлекеттік инспекторлардың қорғауында 107 резервтік балық шаруашылығы су айдыны бар.

Қар мен аяз суасты әлемінің тұрғындары үшін нақты проблема, себебі мұздың тым қалың болуы мен қар жамылғысы оттегі мен жарықтың түсуіне жол бермейді. Бұл балықтың қырылуына әкелуі мүмкін.

Бұған жол бермеу үшін табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының «Қарағанды орман және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі шаруашылығы» КММ мемлекеттік инспекторлары «Нұра-Сарысу облысаралық бассейндік балық шаруашылығы инспекциясы» РММ мамандарымен бірлесіп, өсімдіктер өздері арқылы ауа өткізетіндей, аязға қарсы іс-шаралар жүргізіп, ұңғымалар бұрғылайды және оларды қамыспен толтырады.

«Бұл жұмыс Абай және Бұқар Жырау аудандарындағы Сопақсор және Карасевое су айдындарында өтті. Қаңтар-наурыз айларында инспекторлар облыстың барлық резервтік балық шаруашылық су айдындарын қамтиды. Ал бекітілген балықтарды табиғат пайдаланушылар құтқарады», - деп хабарлайды Қарағанды облысының Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы.


Автор:

Агата Мухамеджанова

Новости по теме
Ұқсас жаңалықтар