Қарағанды облысының спортшысы тоғызқұмалақтан онлайн турнирде жеңіске жетті

None
None
ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - Ағадыр кентінің тұрғыны Қожанәсіп Асылхан тоғызқұмалақтан халықаралық онлайн турнирде жеңіске жетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ақтөбеде арнайы интернет алаңда жарыс ұйымдастырылған болатын. Додаға Қазақстанның қалалары мен өңірлерінен 43 ойыншы, сондай-ақ Моңғолия, Ауғанстан, Түркия және Түрікменстан өкілдері қатысты.

Қарағанды облысынан 21 жасар Асылхан Қожанәсіп өнер көрсетті. Ол Еуразия университетінің Ақпараттық технологиялар факультетінің төртінші

курс студенті. 12 жыл бойы өз мектебіндегі үйірмеге жазылғаннан бері тоғызқұмалақ ойнайды.

«Онлайн режимінде мықты қарсыластармен күресу өте қызықты болды. Мен тоғыз адаммен ойнадым. Ақтық сайыста бұрыннан таныс және көптен бері қарсыласып келе жатқан Маңғыстау мен Павлодар спортшылармен бақ таластырдым. Әрине, ең үздік болып, беделді турнирде бірінші орын алғаныма қуаныштымын. Біз жақында коронавирусты жеңеміз деп және қалыпты жарыстар басталады деп үміттенеміз, онда көңіл-күй, қарым- қатынас және бәсекелестіктің қызықты рухы болады. Бірақ карантин жағдайында онлайн біріншілік те машығымызды жоғалтпаудың және өз өзімізді тексерудің жақсы тәсілі», - дейді Асылхан Қожанәсіп.

Жас жігіт өткен жылы Ыстанбұлда өткен турнирде бірінші болып, республикалық чемпионаттардың бірнеше дүркін жеңімпазы және жүлдегері атанды.


Соңғы жаңалықтар