+7 (701) 759 90 19
USD 424.99 EUR 504.21
RUB 5.81 CNY 65.66
Jańalyqtar

Қарағанды облысының шалғай ауылдарын жылжымалы егу кешені аралайды

2021 жылғы 23 маусым 21:55
Бөлісіңіз:
Қарағанды облысының шалғай ауылдарын жылжымалы егу кешені аралайды

ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат – Қарағанды облысы Қарқаралы ауданының шалғайдағы елді мекендерінің тұрғындары аудан орталығына бармай-ақ вакцинациядан өте алады. Ауылдарда жылжымалы егу пунктері жұмыс жасайтын болады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Кәсіподақтар федерациясы жұмыскерлерге вакцинация мәселесі бойынша үндеу жасады Нұр-Сұлтанда вакцина алғандар арасында екі бөлмелі пәтер ойнатылады Атырауда коронавирус жұқтырғандар резервтегі жатақханаға орналастырылып жатыр

Қарқаралы ауданында ауыл тұрғындарына ыңғайлы болу үшін жылжымалы егу кешендерінің жұмысы ұйымдастырылды. Мобильді вакцинация пунктері әрбір елді мекенге қызмет көрсететін болады.

«Өкінішке орай, біздің ауданда вакцинация көрсеткіштері жақсы емес. Сонымен қатар, жұқтыру қаупі әлі де жоғары. Біз аудан тұрғындарын белсенді азаматтық ұстаным танытып, екпе алуға шақырамыз. Бұрын олар Қарқаралы және Егіндібұлақ ауруханалары жанынан ашылған екі пункте ғана егілетін. Қазір біз адамдар жұмыстан және үйден қол үзбей вакцинаны алу үшін екі жылжымалы егу кешенінің жұмысын ұйымдастырдық», – деп атап өтті Қарқаралы ауданының әкімдігінде.


Жылжымалы вакцинация пунктері күн сайын қоғамдық орындарда жұмыс істейді. Сондай-ақ, вакциналанғандар үшін акция іске қосылды: екпе алғандарға азық-түлік сатып алуға сертификаттар беріледі.

«Вакцинация пунктерінде ақпараттық-түсіндіру жұмыстары да жүргізілуде. Дәрігерлер тұрғындардың сұрақтарына жауап беруге дайын және екпе жасамас бұрын бәрін міндетті түрде тексереді. Бірінші кезекте олар бүкіл Қарқаралыны аралап, кейін шалғай ауылдарға аттанады», – деп толықтырды жергілікті әкімдікте.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Агата Мухамеджанова

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059

MURAǴAT