Қарағанды облысының сәулет-құрылыс бақылау басқармасына жаңа басшы тағайындалды

None
None
ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат – Қарағанды облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасының басшысы қызметіне Қайрат Қамзин тағайындалды.

МСҚБ жаңа басшысын облыс әкімі Жеңіс Қасымбек таныстырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қайрат Қамзиннің екі жоғары білімі бар: 1998 жылы «машина жасау технологиясы» мамандығы бойынша Қарағанды мемлекеттік техникалық университетін және 2009 жылы «қаржы» мамандығы бойынша Қарағанды «Болашақ» университетін бітірген.

Еңбек жолын 1999 жылы бастаған. Жеке құрылымда әртүрлі қызметтерді атқарды.

Мемлекеттік қызметте 2005 жылдан бері жұмыс істеп келеді. Техникалық реттеу және метрология Комитетінің Қарағанды облысы бойынша басқармасының жетекші маманы болды.

2006 жылдан 2007 жылға дейін – Қарағанды қаласы Қазыбек би атындағы аудан әкімі аппаратының ұйымдастыру және кадр жұмысы бөлімінің бас маманы.

2007-ші жылдан 2010-шы жылға дейін Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің Қарағанды облысы бойынша департаментінің бас маманы, бөлім бастығы қызметін атқарған.

Кейін облыстың энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы бастығының орынбасары болды.

2012 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін Приозерск қаласының әкімі қызметін атқарды.


Соңғы жаңалықтар