Қарағанды облысының Сәтбаев қаласында мүлік иелерінің алғашқы бірлестігі тіркелді

None
None
СӘТБАЕВ. ҚазАқпарат – Сәтбаев қаласында алғашқы МИБ - мүлік иелерінің бірлестігі тіркелген. Енді жиналған қаражат үйдің ағымдағы қажеттіліктеріне немесе күрделі жөндеуге жұмсалады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бұған дейін №6 «Нұрлы мекен» шағынауданы, Абай көшесі, 15/2 мекенжайындағы көппәтерлі үйге ПИК-тердің бірі қызмет көрсеткен. Тұрғындар сервистік ұйымның жұмысына наразы болды, олардың ақшалары қалай жұмсалатынын, тариф қалыптасатынын, неге мезгіл-мезгіл есеп берілмейтінін білмеген. Уақыт өте келе проблемалар саны арта түсті. Содан кейін меншік иелері бастаманы өз қолдарына алып, жиналған қаражатты үйінің қажеттіліктеріне бағыттау үшін өз кеңесін ұйымдастыруға шешім қабылдады. Ол үшін қаланың ТКШ, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөліміне түсініктеме алу үшін жүгініп, жұмысқа кірісті.

Заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу желтоқсан айының басында әділет органдарында «Жанұя-108» МИБ бұл қалада бірінші болып өтті. Енді дайындық кезеңі артта қалған кезде,60 пәтерге арналған төрт кіреберістен құралған бес қабатты ғимараттың тұрғындары үйдің төрағасы Светлана Лаврушкинамен бірге олардың әрқайсысы әр қабаттағы өз алаңының жай-күйіне ғана емес, сонымен қатар бүкіл үй мен үйдің аумағына да жауап беретінін біледі. Олардың ортақ міндеті - үйдің ішінде және сыртында орналасқан ортақ пайдалану орындарына өз пәтеріне қарағандай қарау.

Соңғы жаңалықтар