Қарағанды облысының полиция департаментінде қаза тапқан полицейлерді еске алды

None
None
ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - Қарағанды облысының полиция департаментінде қаза тапқан полицейлерді еске алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қазақстан полициясы күні қарсаңында Қарағанды облысы ПД басшылығымен бірқатар имидждік шаралар өткізу жоспарланған. Соның бірі ІІО ардагерлеріне құрмет көрсету, қызметтік борышын өтеу барысында қаза тапқан полиция қызметкерлерін еске алу.

Алдымен полиция департаментінің басшылары 1998 жылы қызметтік борышын атқару кезінде қаза тапқан Қарағанды қаласы Ішкі істер басқармасының жедел уәкілі Нұрлан Сапуанұлы Байғаскиннің отбасына барды.

Қарағанды қалалық басқармасы Ұылмыстық іздестіру бөлімінің жедел уәкілі Нұрлан Байғаскин Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданы Архангельск селосында дүниеге келген. 1996 жылдың шілдесінен бастап ол ішкі істер органдарында қызмет ете бастады. 1998 жылдың қараша айында Қарағандыдағы пәтерлердің бірінде тосқауыл орнатылған болатын. Онда болжам бойынша милиционер Рустам Мәжитовтың өліміне қатысы бар күдіктілер келуі керек еді. Пәтерде милиционерлер мен қылмыскерлер арасында атыс басталып, нәтижесінде Нұрлан Байғаскин қаза тапты. Оның әріптесі Николай Редченко бірден қарсы оқ атты. Қылмыскерлердің бірі оқиға орнында қаза тапты, екіншісі жараланды, қылмыскерлердің оғынан Николайдың өзі де зардап шеккен болатын.

Қазақстан Республикасы Президентінің «Азаматтардың конституциялық құқықтарын қорғау кезінде көрсеткен ерлігі мен жанқиярлығы, әскери және қызметтік борышын үлгілі орындағаны үшін» Жарлығымен ІІ дәрежелі «Айбын» орденімен (қайтыс болғаннан кейін) марапатталды. Нұрлан Байғаскиннің есімі Қарағанды облысы ІІД ғимаратының алдындағы Естелік мемориалына жазылды. Нұрлан Байғаскин тұрған үйдің қабырғасына мемориалдық тақта орнатылды.

nullСондай-ақ ПД басшылығы ҚР ІІМ-нің еңбек сіңірген қызметкері, ІІО-ның құрметті ардагері, отставкадағы полиция полковнигі Амангелді Бекжановтың үйіне барып қайтты.

Амангелді Бекжанов әр жылдары Қарағанды, Жамбыл облыстарында басшылық лауазымдарда жұмыс істеді. Қарағанды облысында қызмет атқарған жылдары ІІД бастығының орынбасары, департамент бастығының кеңесшісі болды.

«Бұл Қазақстан полициясы күні қарсаңында толық ауқымды жоспарлардың басы ғана, спорттық және концерттік іс - шаралар өткізу көзделіп отыр», - деп атап өтті Қарағанды облысы ПД Кадр саясаты басқармасының бастығы Мұрат Жұмаділдин.

Соңғы жаңалықтар