Қарағанды облысының полицейлері әріптес әйелдерді актерлік және аспаздық қабілеттілігімен таңқалдырды (ФОТО, ВИДЕО)

None
None
ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - Қарағанды облысының ІІД-де ер адамдар әріптес әйелдерге шығармашылық тосынсый әзірледі.

Халықаралық әйелдер күніне арналған «Сегіз қырлы, бір сырлы» байқауы дайындалды. Ерлер арасындағы сайыс төрт кезеңнен тұрған: «Мамандығымды мақтан етемін», «Батырлар жолы», «Әйелге деген махаббатпен» және «Мистер смокинг». Қатысушылар актерлік шеберлігін танытты - ән айтып, би билеп, театрландырылған шоу көрсетті.

Облыстық ІІД-нің жедел жоспарлау басқармасының бастығы Аркадий Астафьев Бөгенбай батыр кейпінде көрінді. Бұл оның сахнаға алғаш шығуы. Оңтүстік-Шығыс полиция бөлімінің инспекторы Қуаныш Медеубаев Қаныш Сәтпаевтың рөлін сомдады. Бұдан басқа, сахнаға Қажымұқан, Қасым Аманжолов, Тоқтар Әубәкіров, Ғазиз Байтасовтың рөлдерін ойнаған полицейлер шықты.

Әрбір қатысушы өзінің мерекелік тәттісін дайындап келді. Көрермендер экранда бұған байқаушылардың қанша күш салғанын көре алды. Бағаларды әйелдерден құралған қазылар алқасы қойған.

«Бұл байқауға тек ер адамдар қатысты. Біз шеберлігімізді танытып, нәзік жандыларды таңқалдыруға тырыстық. Бұл қолымыздан келді деген снімдемін», - деді байқау жеңімпазы Қ.Медеубаев.

Әйел полицейлер сондай-ақ жақсы қызмет атқарғаны үшін ведомстволық наградалар, Құрмет грамоталары және Алғыс хаттарын алды.

«Қарағанды облысының ішкі істер органдарында мыңнан астам әйел қызмет етуде. Олар қылмыстың алдын алу міндеттерін орындап, қылмыстарды ашып отырады, криминалистикалық зерттеулер жүргізеді, қоғамдық тәртіптің сақталуын және басқа да маңызды полицейлік қызметтерді ер адамдармен бірдей атқарады», - деп атап өтті облыстық ІІД бастығы, генерал-майор Мергенбай Жаппаров.
7 6 5 4 3 2

Соңғы жаңалықтар