Қарағанды облысының өзендерінде мұз жару жұмыстары жүргізілді

None
ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат – Қарағанды облысында су тасқынына қарсы іс-шаралар жалғасып жатыр. Өңірде жарылыс жұмыстары мен өзендердегі мұзды қопсыту қолға алынды. Бұқар жырау ауданы мен Теміртау қаласында жеті учаске қамтылған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Облыста су өткізгіш құбырлар мен көпірлерді тазарту жұмыстары аяқталды. Елді мекендерде қар шығару, каналдар мен арықтарды тазарту жалғасып жатыр. Самарқанд және Ынтымақ су қоймаларынан 8-15 текше метр/сек су ағызылады.

«Қазгидромет» РМК ақпараты бойынша, наурыздың үшінші онкүндігінің соңында ауа температурасының біртіндеп көтерілуі күтіледі. Осы орайда, тұрғындардан үйлерінің аулаларындағы қарды тазалау сұралады.

Төтенше жағдай қаупі пайда болған жағдайда келесі телефон нөмірлері арқылы хабарлау қажет: 112, 8 (7212) 43-36-36, 43-37-37.


Фото: Қарағанды облысы ТЖД баспасөз қызметінен


Соңғы жаңалықтар