Қарағанды облысының Осакаров кентінде жаңа мектеп пен балабақша ашылды

None
None
ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - Қарағанды облысының Осакаров кентінде екі жаңа әлеуметтік нысан - 600 оқушыға арналған жалпы білім беретін мектеп пен 320 балаға арналған «Нұрай» балабақшасы ашылды. Бұл туралы облыс әкімінің баспасөз қызметінен хабарлады.

Аймақ басшысы Нұрмұхамбет Әбдібеков ауыл тұрғындарын осы айтулы оқиғамен құттықтады. Облыс әкімі мектепке мультимедиялық тұғыр, ал балабақшаға Монтессори кабинетіне сертификатты сыйға тарту етті.

Мектепті салуға республикалық және жергілікті бюджеттен 978 млн. теңге бөлінген. Оқу кабинеттері заманауи жабдықтармен жабдықталған. Қазіргі уақытта Осакаров ауданында 38 балабақша мен шағын орталықтар жұмыс істеуде. Жаңа балабақша аймақтағы балаларды мектепке дейінгі тәрбиемен қамтуды арттыруға мүмкіндік береді.

Бұдан бөлек, Жаңа жыл мерекесінің қарсаңында Осакаров ауданының Молодежный кентінде «Қолжетімді баспана-2020» бағдарламасы бойынша қалпына келтірілген тұрғын үй тапсырылды. Жаңа пәтерлердің кілттерін 60 отбасы иеленді.

Соңғы жаңалықтар