+7 (701) 759 90 19
USD 426.99 EUR 514.35
RUB 5.72 CNY 65.96
Jańalyqtar

Қарағанды облысының Осакаров ауданында биыл 156 отбасы тұрғын үймен қамтылады

2021 жылғы 23 сәуір 05:00
Бөлісіңіз:
Қарағанды облысының Осакаров ауданында биыл 156 отбасы тұрғын үймен қамтылады

ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат – Қарағанды облысының Осакаров ауданында биыл 156 отбасын тұрғын үймен қамтамасыз ету жоспарлануда. Бұл туралы онлайн-брифингте аудан әкімі Нүркен Көбжанов мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
МСҚ: Қарағанды облысында туберкулезден емдеуге 720 млн теңгеге жуық қаражат бағытталды Баспана кезегінде кімдер басымдыққа ие Жыл басынан бері жетім балалар мемлекеттен неше пәтер алды

Өткен жылы Осакаров ауданында 6,8 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді, бұл 2019 жылмен салыстырғанда 2,8 есе көп.

«Биыл инфрақұрылымы бар алты 18 пәтерлі тұрғын үйдің құрылысын аяқтау жоспарлануда. Сондай-ақ Осакаровкадағы екі пәтерлі алты тұрғын үйдің құрылысына облыстық бюджеттен қаражат бөлінді. Сонымен қатар, жеке инвестициялар есебінен 2020 жылы тағы екі 18 пәтерлі тұрғын үйдің құрылысы басталды, оларды биыл пайдалануға беру жоспарланған. Осылайша, 2021 жылы 156 отбасын тұрғын үймен қамтамасыз ету жоспарланған», – деді Нүркен Көбжанов.

Сондай-ақ, осы жылы Осакаровка кентінде инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымы бар тағы төрт 18 пәтерлі тұрғын үйдің құрылысына жобалау-сметалық құжаттама әзірленуі тиіс.

Республикалық бюджет есебінен халықтың әлеуметтік осал топтары мен көпбалалы отбасылар үшін он пәтер сатып алу жоспарлануда.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Агата Мухамеджанова

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT