Қарағанды облысының Осакаров ауданында 100-ден астам отбасы баспанамен қамтылмақ

None
None
ОСАКАРОВ. ҚазАқпарат – Қарағанды облысының Осакаровка ауылында биыл 18 пәтерлі алты тұрғын үй пайдалануға берілмек. Өңірде осылайша 108 отбасын баспанамен қамтамасыз ету жоспарланған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бұл үйлердің құрылысы 2020 жылы басталған. Құрылыс материалдарының қымбаттауына байланысты, үйлерді салу жұмыстарының жоба-сметалық құжаттары түзетіліп, нысандарды іске қосу биылғы жылға шегерілді.

Осакаров ауданының әкімі Нұркен Қобжановтың айтуынша, биыл Сұңқар ауылындағы су мұнарасын ауыстырып, Пионерское, Озерное және Ералы ауылдарында су құбыры желілерінің құрылысы сияқты ірі жобаларды жүзеге асыру жоспарланып отыр.

Ауданда Осакаровка және Николаевка ауылдарында су құбыры желілері құрылысының жобасы әзірленді. Биыл Тельманское және Колхозное ауылдарына су құбыры желілерін тартуға ЖСҚ әзірленеді.

Ауданның жылумен қамту жүйелері де ерекше бақылауда. Молодёжный және Осакаровка елді мекендеріне қазандық сатып алу, сондай-ақ Молодёжныйдағы жылу трассасын жөндеу жоспарланып отыр.

«Ауданның дамуында денсаулық сақтау жүйесінің табысты жұмыс істеуі маңызды. Осы ретте биыл Озерный кентінде фельдшерлік-акушерлік пункт салынбақ. «Ауыл – Ел бесігі» арнайы жобасы бойынша Молодёжныйдағы спорт кешенінде күрделі жөндеу жұмыстары жалғасуда. Осакаровкадағы № 12 мектепті күрделі жөндеуден өткізу және Уызбай және Садовое ауылдарындағы екі мектептің жылу қазандығын алып тастау жоспарлануда», – деді аудан басшысы.

Сондай-ақ Молодежныйдағы мәдени-ойын-сауық орталығы да жөндеуден өтеді. Звезда және Ералы ауылдарындағы клубтардың жылу жүйесін жөндеуге қаражат бөлінді.


Соңғы жаңалықтар