+7 (701) 759 90 19
USD 427.91 EUR 506.9
RUB 5.6 CNY 64.17
Jańalyqtar

Қарағанды облысының оқушыларына компьютерлер мен планшеттер таратыла бастады

2020 жылғы 31 наурыз 21:57
Бөлісіңіз:
Қарағанды облысының оқушыларына компьютерлер мен планшеттер таратыла бастады

ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - Көктемгі каникул аяқталғаннан кейін, 6 сәуірде Қарағанды облысының 376 мектебі қашықтан оқыту форматына көшеді. Осы уақытқа дейін барлық оқушылар мен педагогтер гаджеттермен және интернетпен қамтамасыз етіледі, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Дайындық бірден үш бағыт бойынша жүргізіледі: мұғалімдер мен мектеп оқушыларын компьютермен және интернет желісіне қолжетімділікпен қамтамасыз ету, облыс мектептерін автоматтандырылған платформаларға қосу және мұғалімдерді қашықтан жұмыс істеуге оқыту.

Бұл туралы Saryarqa телеарнасында білім басқармасының басшысы Есенғазы Иманғалиев мәлім етті.

«Барлық балалар мен мұғалімдерді компьютер техникасымен қамтамасыз ету мәселесін шешу үшін сегіз өңірде жергілікті бюджеттен 377 млн теңге бөлінді. Жалпы алғанда 2 409 компьютер мен планшет сатып алынады», - деді спикер.

Облыс мектептерінде әлеуметтік жағдайы төмен 36 мыңнан астам бала оқиды. Оның 8 112 оқушысы әзірге гаджеттер және интернетке қол жеткізе алмай отыр. 6 сәуірге дейін бұл мәселе шешіледі.

Онлайн оқыту үшін мұқтаждарға мектеп компьютерлері беріледі. Уақытша өтеусіз пайдалануға қабылдау-тапсыру актісі жасалады, деп түсіндірді басқарма басшысы.

Оның айтуынша, облыс орталығында 500 оқушыға планшет мен флешка таратылды. Бұл құралдармен қажет болғандардың барлығы қамтамасыз етіледі, деді Есенғазы Иманғалиев.

Оқыту sdot.bilimal.kz, daryn.online, sabak.kz, google.classroom.com, Skype және Zoom платформаларында өтеді.

«Қашықтан оқыту кезеңінде мобильді интернет қызметін тегін негізде ұсыну туралы провайдерлермен жұмыс басталды», - деп атап өтті басқарма басшысы.

Мұғалімдердің қашықтан жұмыс істеуге дайындығы аяқталуда. Оларды онлайн семинарлар арқылы оқытуда. Мұғалімдердің еңбекақысына форматтың ауыстырылуы әсер етпейді.

1 сәуірде оқушыларға сынақ сабақ өткізу жоспарланып отыр.

2 сәуірде Білім министрлігі онлайн режімде республикалық ата-аналар жиналысын, ал келесі күні балаларға арналған республикалық сынып сағатын өткізеді.

«Біздің алдымызда өте маңызды міндет тұр. «Қашықтан оқыту» тиімді болуы үшін негізгі үш адами қасиет қажет: шыдамдылық, тәртіп және жауапкершілік. Біз мұғалімдерден барынша беріліп жұмыс істеуді талап етеміз. Ықтимал техникалық іркілістерге қарамастан, балалар толыққанды білім алуы тиіс. Келтірілген қолайсыздықтар үшін алдын ала кешірім сұраймын. Барлық мәселелерді жедел түрде шешетін боламыз», - деді Білім басқармасының басшысы қарағандылықтарға.

Ата-аналарда сұрақтар туындайтын болса, келесі телефондар арқылы хабарласуға болады: (8-7212) 50-25-00 (білім басқармасы), (8-7212) 25-25-02 (call-орталық).

Брифингіні толық келесі сілтемеде көруге болады.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Агата Мухамеджанова

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059

MURAǴAT