Қарағанды облысының Нұра ауданында жаңа әкім тағайындалды

None
None
ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат – Қарағанды облысы Нұра ауданының әкімі тағайындалды. Бұл қызметті Бақытжан Мұқанов атқаратын болады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ҚР Президенті Әкімшілігінің келісімімен және аудандық мәслихат депутаттарымен Қарағанды облысының Нұра ауданының әкімі лауазымына Бақытжан Мылтықбайұлы Мұқанов тағайындалды.

Қарағанды облысының әкімі Жеңіс Қасымбек аудандық мәслихаттың кезектен тыс сессиясында осы лауазымға жаңа кандидатураны ұсынды. Депутаттар үміткерді бірауыздан мақұлдады.

Бақытжан Мұқанов Қарағанды мемлекеттік техникалық университетін «жылу және атом электр станцияларын салу» мамандығы бойынша бітірген. 2005 жылдан бастап мемлекеттік қызметте. Жаңаарқа ауданында бөлім маманынан әкім орынбасарына дейін мансап сатысынан өткен. 2020 жылғы тамыздан бастап осы уақытқа дейін Қарағанды облысы әкімі аппараты басшысының орынбасары лауазымында жұмыс істеді.

«Аудан тұрғындарының әл-ауқатын арттыру үшін және экономиканы барлық бағытта дамыту үшін барлық күш-жігерімді жұмсап, жинақталған тәжірибемді қолданамын», - деп уәде берді ауданның жаңа басшысы Бақытжан Мұқанов.

Бұрынғы аудан әкімі Аян Шалмағанбетов жаңа жұмысқа ауысуына байланысты қызметінен босатылды.


Соңғы жаңалықтар