Қарағанды облысының Нұра ауданына жаңа әкім тағайындалды

None
None
ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - Қарағанды облысының Нұра ауданының әкімі болып Есет Байкен тағайындалды. Облыс әкімі Ерлан Қошанов аудан активіне жаңа әкімді таныстырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат әкімдіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Есет Берікұлы 1986 жылы Қарағанды облысының Нұра ауданының Баршын ауылында дүниеге келген.

null 2008 жылы Қазақ гуманитарлық заң университетін тәмамдаған. 2010 жылы - Е. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін бітірген. Экономика, құқықтану бакалавры.
Еңбек жолын 2008 жылы Астана қаласының Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасында жетекші, сонан соң бас маман ретінде бастаған.

2010 жылдан бері - «Астана қаласы әкімдігі аппараты» ММ әлеуметтік-мәдени сала бөлімінің бас маманы.

2013 жылы Астана қаласы әкімінің бас инспекторы, «Астана қаласы әкімдігі аппараты» ММ ұйымдастыру-инспекторлық бөлімінің жетекшісі болып тағайындалды.

2016 жылы ҚР Президент Әкімшілігі жетекшісінің Хатшылық сарапшысы болды.

2017 жылдан бастап Нұра ауданы әкімі лауазымына тағайындалғанша ҚР Президенті Аппаратының Мемлекеттік бақылау және ұйымдастыру-аумақтық жұмыс бөлімінің мемлекеттік инспекторы қызметін атқарған.

Еске сала кетсек, бүгін Қостанай қаласының, СҚО-ның Есіл, Жамбыл аудандарының әкімдері ауысты.

Соңғы жаңалықтар